1 қазан – Халықаралық қарттар күні!
Қарттарымыз – отбасының берекесі, ақылдың кені, өмірдің үлкен мектебі. Олардың әрбір айтқан сөзі – өнеге, әрбір батасы – бізге үлкен күш.
Осы айтулы күні барша ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз! Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін.
Қарттарымызды құрметтеу – әрқайсымыздың парызымыз. Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әрдайым бізге жол көрсетсін!
Қарттар күні құтты болсын!
Әр шаңырақта тыныштық, қуаныш пен молшылық болсын!
