Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«№ 17 негізгі орта мектебі» КММ-де білім алушылармен алдын алу жұмыстары аясында медицина қызметкері Т.Г. Райкова ақпараттық-профилактикалық дәріс өткізді.
Кездесудің тақырыбы — «Нашақорлықтың, темекі шегудің және алкогольдің зияны туралы».
Дәріс барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адамның физикалық және психикалық денсаулығына, ішкі органдарының жұмысына, жүйке жүйесіне және жалпы өмір сапасына тигізетін кері әсері туралы айтылды. Өсіп келе жатқан организм үшін есірткі заттарын, темекі және алкоголь өнімдерін тұтынудың салдарына ерекше назар аударылды.
Т.Г. Райкова өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, айналадағылардың жағымсыз әсеріне қарсы тұра білудің және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
Оқушылар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтар қойды және зиянды әдеттердің ықпалы мен олардың алдын алу жодарына байланысты жағдайларды талқылады.
Денсаулық — балалық шақтан бастап сақтау қажет құндылық. Бүгінгі дұрыс таңдау — дені сау әрі табысты болашақтың негізі!