Біздің мектепте ең әсерлі әрі терең челлендждердің бірі — «Менің отбасымның тарихы» үлкен табыспен бастау алды!
Бұл бірегей шара «Шабыт» мектеп жобасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өтуде. Бағдарламаның басты мақсаты — ұлттық құндылықтар, ата-бабалар мұрасына деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілік негізінде тәрбиелеу.
Өз шежіресін білу, бабалардың ерлігі мен еңбегін есте сақтау — берік құндылықтар негізін қалыптастыру деген сөз. Оқушыларымыз өз отбасының тарихы арқылы Қазақстан тарихын жаңаша танып, ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын түсінеді. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің шынайы патриоттық мәні де осында.