«№ 17 негізгі орта мектебі» КММ-де медициналық бике Т. Г. Райкова оқушылармен жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.
Іс-шараның мақсаты — балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ көшелерде мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Әңгімелесу барысында медициналық бике оқушылардың есіне жолдың жүру бөлігінен өтудің негізгі қағидаларын түсіндіріп, бағдаршам сигналдары мен жол белгілерінің маңызын ұқтырды. Жаяу жүргіншілер өткелдерін, суық әрі қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтерді пайдалану, сондай-ақ велосипедтер мен самокаттармен жүру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Оқушыларға жолдың жүру бөлігіне жақын жерде байқаусыздық білдіру, ұялы телефондар мен құлаққаптарды (наушник) пайдалану қауіпті жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін екендігі түсіндірілді. Балаларды зейінді, тәртіпті және жауапты жол қозғалысына қатысушы болуға шақырды.
Іс-шара соңында оқушыларға жол жүрісі қағидалары бойынша жадынамалар таратылды. Өткізілген әңгіме балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін нығайтуға және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.
