Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы әрдайым күш-қуат береді. Осылайша, біз салт-дәстүріміз бен төл құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың мәдени діңгегін және рухани тұтастығын нығайтып келеміз.
1 шілде күні заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Конституцияда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы рөлін күшейтуге баса назар аударылды. Тұңғыш рет «неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма көрініс тапты. Сондай-ақ биыл Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды.
Бала тәрбиесі мәселесіне зор жауапкершілікпен қарау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің маңызды миссиясының бірі. Бұл – адам капиталын нығайтудың, яғни еліміздің әлеуетін арттырудың басты шарты.
Барша Қазақстан азаматына зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!