Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
Жүгіру жолы
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№17 негізгі орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мектебі
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Отбасы күнін» мерекелеу тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде «№17 негізгі орта мектебі» КММ-де жастардың отбасын құруға саналы көзқарасын, жауапкершілігін, өзара құрметін және балаларды тәрбиелеуге дайындығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Саналы ата-ана болу — бұл жай gana міндет емес, бұл күнделікті еңбек, сүйіспеншілік пен қамқорлық. 7 бала тәрбиелеп отырған Бұламбаевтардың тату көпбалалы отбасы өзгелерге үлгі әрі шабыт көзі болып табылады.
Бұл үлгілі отбасы балаларды қалай өсіреді және тәрбиелейді:
• Анасы мен әкесі әрдайым жанында. Олар әр баланың таланты мен жеке қасиеттерін ашуға көмектесіп, сенімді тірек, қорған және қамқоршы болып келеді.
• Тәрбиенің басты ұстанымы — бір-бірін тыңдай және ести білу, балаларды кішкентай кезінен бастап өзара көмекке және қайырымдылыққа үйрету.
• Әрбір оқиға, мереке және үйдегі кештер жылылыққа толы, өйткені отбасы бірге болғанда кез келген қиындықты жеңу оңай.
Берік отбасы құндылықтарын дәріптеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шығармашылық топ осы отбасының өмірінен бақытты сәттерді, олардың өзара қолдауы мен үйлесімділігін көрсететін әсерлі бейнеролик дайындады.
Баршаңызды бейнероликті тамашалауға шақырамыз! Бұл үлгі өсіп келе жатқан ұрпақты берік, бақытты әрі саналы отбасын құруға шабыттандырсын.