«Таза Қазақстан» – туған жерімізді таза ұстауға, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақыратын игі бастама.
Балалармен бірге «Тазалық – әрқайсымыздан басталады» тақырыбында тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Оқушылар аула мен айналаны тазалап, қоқыстарды жинап, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.
Балалар тазалықтың тек айналаны жинаудан емес, табиғатқа жанашырлықпен қараудан, қоқысты жерге тастамаудан және туған жерді құрметтеуден басталатынын түсінді.
Таза аула – таза ауыл – таза Қазақстан!
Табиғатты бірге қорғайық

